Қарағандыда газ баллоны жарылып, 2 автокөлік пен тұрғын үй өртеніп кетті

Қарағандыда газ баллоны жарылып, 2 автокөлік пен тұрғын үй өртеніп кетті

Қарағандыда газ баллоны жарылып, 2 автокөлік пен тұрғын үй өртеніп кетті
ашық дереккөзі

Қарағандыда газ баллоны жарылып, гаражда тұрған 2 автокөлік пен үй өртеніп кетті деп хабарлады turkystan.kz Қарағанды облыстық ТЖД-ға сілтеме жасап.

Қарағанды қаласының Балхашская көшесінде орналасқан жеке тұрғын үй мен ішінде екі автокөлік тұрған гараж өртенген.

«Өрттің жалпы ауданы 280 шаршы метрді құрады. Өрт сөндіру кезінде газ-ауа қоспасы шығып, кейін гараж ішіндегі газ баллоны жарылған. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ», - делінген хабарламада.