Талдықорғанда аурухана бухгалтері 109 млн теңгені құмар ойынға жұмсаған

Талдықорғанда аурухана бухгалтері 109 млн теңгені құмар ойынға жұмсаған

Талдықорғанда аурухана бухгалтері 109 млн теңгені құмар ойынға жұмсаған
ашық дереккөзі
Талдықорған соты балалар ауруханасының бухгалтерін 109 млн теңгені иемденіп алғаны үшін 5 жылға бас бостандығынан айырды деп хабарлады turkystan.kz қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сотта бухгалтер 2021 жылғы 1 наурыздан бері аурухана шотынан өзіне ақша аударып, оны құмар ойындарға жұмсағаны белгілі болды.

Ауруханаға 109 млн теңге шығын келген.

Сотталушы кінәсін толық мойындады, шын жүректен өкініп, келтірілген зиянды өтеуге уәде берген.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.