Димаштың әні АҚШ-тың Channel R радиосында шырқалды

Димаштың әні АҚШ-тың Channel R радиосында шырқалды

Димаштың әні АҚШ-тың Channel R радиосында шырқалды
ашық дереккөзі
Димаш Құдайбергеннің «Zhalyn» композициясы алғаш рет америкалық Channel R Radio-сында шырқалды turkystan.kz dimashnews.com сайтына сілтеме жасап. Димаштың қазақ тіліндегі әні Америка радиосында айтылуы оның жанкүйерлерінің арқасында мүмкін болған. Олар күн сайын оның әнінің қойылуын сұраған. Бұған дейін Channel R радиосында Д.Құдайбергеннің Fly Away», «Be with me», «Golden» және «Screaming» композициялары шырқалған еді. Сиэтлдегі R Channel радиостанциясы 2020 жылдың ақпанында құрылды. Эфирде тәулік бойы заманауи хиттер мен тыңдаушылардың ең сүйікті әндері ойнайды. Мұнда поп-музыкадан R&B, рок, рэп және электронды музыкаға дейінгі барлық жанрды тыңдауға болады. Channel R жұмысының негізгі қағидасы – дыбыс жазу компаниясы қалаған әуендерді емес, тыңдаушыларға ұнайтын композицияларды тарату. Сондықтан, радио апта сайын тыңдаушылар арасында дауыс беру өткізеді.