Жаңалықтар

«Қырғызтелеком» басшысы қызметінен алынды

ашық дереккөзі

«Қырғызтелеком» басшысы қызметінен алынды

Қырғызстанның телекоммуникация компаниясының басшысы Қазақстаннан интернет желісін сатып алуға байланысты тергеу жүргізілгеннен кейін қызметінен алынған. «Қырғызтелеком» директорлар кеңесінің төрағасы Бекзат Усенканов компанияның басқарма басшысы Эмиль Ешеналиевті тез арада қызметінен алу туралы шешім шығарылғанын мәлімдеді. Өткен жылдың желтоқсан айында тергеу ісіне байланысты Ешеналиевті қызметінен уақытша аластатқан. Қырғызстанның бас прокуратурасы қараша айында «Қырғызтелеком» басшыларына қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеген. Тергеу ісіне сәйкес, Ешеналиев біржақты талапқа сәйкес тиімсіз келісімшартқа отырған, соның нәтижесінде Қазақстаннан алынатын интернет желісінің бағасы қымбат болған. Интернет тарифінің қымбаттығын тексеру үшін уақытша құрылған депутаттық комиссия үкіметтен Эмиль Ешеналиевті қызметінен алу жөнінде ұсыныс білдірген. Депутаттық комиссия тергеу ісінің қорытындысы бойынша, коррупциялық механизмнің анықталғанын мәлімдеді.