Мектеп автобусы жыраға құлап, мұғалім қаза тапты

Мектеп автобусы жыраға құлап, мұғалім қаза тапты

Мектеп автобусы жыраға құлап, мұғалім қаза тапты
ашық дереккөзі
Арменияның Синюк ауданында мектеп автобусы жыраға құлап, бір адам қаза тапты деп хабарлады turkystan.kz Арменпресс ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. Зардап шеккен 24 адам (9 мектеп қызметкері мен 15 оқушы) Капан қаласының медициналық орталығына жеткізілді. Оқиға салдарынан 1970 жылғы мұғалім ауруханада қайтыс болды. 10 наурыз күні сағат 14:20-да Синюк өңірлік дағдарысты басқару орталығына Капан-Норашеник тасжолында автобус жыраға құлап , құтқарушылар көмегі қажет екені туралы ақпарат келіп түсті. Оқиға орнына құтқарушылар шұғыл жетті. Анықталғандай, Капан-Норашеник тасжолының 16-шы шақырымында Охтар ауылындағы орта мектептің оқушылары мен қызметкерлері отырған «ПАЗ» автобусы жол жиегінен шығып кетіп, биіктігі шамамен 5 метрге жететін көпірден Ачанан өзеніне құлап кеткен.