Қызылқоға ауданында екі ауылдың көшесін су басты (ВИДЕО)

Атырау облысындағы Қызылқоға ауданының екі ауылынан 18 мың текше метр қар суы сорылған деп хабарлады turkystan.kz.

Қызылқоға ауданында екі ауылдың көшесін су басты (ВИДЕО)
ашық дереккөзі

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобынан мәлім еткендей, Қызылқоға ауданында еріген қар суын сору жұмысы жалғасуда. Ауа райының күрт жылынуына байланысты Қызылқоға ауданындағы ауылдардың тұрғындарынан 6 наурыздан бері күн сайын шақырту жиі түсетін болды. Соған байланысты департаменттің жедел құтқару жасағының құтқарушылары жергілікті атқарушы органның қызметкерлерімен бірлесіп еріген қар суын сору авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр. Мақсат – тұрғын үйлер мен аулаларды қар мен жаңбыр суы басуының алдын алу. «Бүгін, 10 наурызда жергілікті уақытпен сағат 17:00-ге дейін Миялы және Жангелдин ауылдарынан көшелерде жиналған 18 мың текше метр болатын еріген қар суы арнайы көліктермен сорылды», -деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобы. Авариялық-құтқару жұмыстарына Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінен 15 қызметкер, 3 техника мен 1 мотопомпа, ал, жергілікті атқарушы органның 40 қызметкері мен 9 техникасы, 5 мотопомпа тартылған.