Түркістандық кандидат жастармен «BIR TOLQYNDA» жобасы аясында кездесті

Түркістандық кандидат жастармен «BIR TOLQYNDA» жобасы аясында кездесті

Түркістандық кандидат жастармен «BIR TOLQYNDA» жобасы аясында кездесті
ашық дереккөзі
«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық сайлауалды штабының мүшесі, облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Жанар Темірбекова партия филиалында «BIR TOLQYNDA» жобасы аясында өңір жастарымен кездесті. Кездесу барысында штаб өкілі партияның сайлауалды бағдарламасында жастарды қолдауға арналған арнайы бағыт бар екенін атап өтті. Тиісінше, партияның кәсіп бастауға ниетті жастарға қолдау көрсетіп, жұмыспен қамту шараларын қолға алатынын жеткізді.  width=
- Қазақстанның болашағы – сіздерсіздер. Сондықтан қазір елімізде жастарға білім беріп, жан-жақты дамыту жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. «AMANAT» партиясы да бұл бағыттағы жобаларды іске асыруға әрдайым ықпал жасайтын болады. Кәсіп бастаушыларға барынша қолдау білдіріп, жас мамандарды жұмыспен қамтуға күш саламыз. Сонымен қатар, студенттерді жатақханамен, жұмыс істейтін жастарды жалға берілетін баспанамен қамту жоспарымызда бар, - деді Жанар Темірбекова өз сөзінде.
 width= Сонымен қатар, Түркістандағы ХҚТУ-дың ректоры ретінде білім беру саласындағы жаңалықтардан хабардар етіп, тәжірибелерімен бөлісті. Өз кезегінде, белсенді жастар да көкейдегі сұрақтарына жауап алып, ұсыныс-пікірлерін білдірді.

Түркістан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған "AMANAT" партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.