Жаңалықтар

Түркістандық кандидат жастармен «BIR TOLQYNDA» жобасы аясында кездесті

ашық дереккөзі

Түркістандық кандидат жастармен «BIR TOLQYNDA» жобасы аясында кездесті

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық сайлауалды штабының мүшесі, облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Жанар Темірбекова партия филиалында «BIR TOLQYNDA» жобасы аясында өңір жастарымен кездесті. Кездесу барысында штаб өкілі партияның сайлауалды бағдарламасында жастарды қолдауға арналған арнайы бағыт бар екенін атап өтті. Тиісінше, партияның кәсіп бастауға ниетті жастарға қолдау көрсетіп, жұмыспен қамту шараларын қолға алатынын жеткізді. Сонымен қатар, Түркістандағы ХҚТУ-дың ректоры ретінде білім беру саласындағы жаңалықтардан хабардар етіп, тәжірибелерімен бөлісті. Өз кезегінде, белсенді жастар да көкейдегі сұрақтарына жауап алып, ұсыныс-пікірлерін білдірді.

Түркістан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған "AMANAT" партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.