Жаңалықтар

«AMANAT»: халықтың бірінші сұранысы – жайлы тұрмыс пен тұрақты жұмыс

ашық дереккөзі

«AMANAT»: халықтың бірінші сұранысы – жайлы тұрмыс пен тұрақты жұмыс

«AMANAT» партиясынан Қызылорда облыстық мәслихат депутаттығына кандитаттар «Жан-Арай» ЖШС ұжымымен кездесіп, сайлауалды бағдарламамен танысқан көпшіліктің сұрақтарына жауап берді. Жиында әлеуметтік мәселелер, жастарды қолдау, бизнесті дамыту жайы айтылды. Кандидаттар сайлауалды бағдарламаның әр бөліміне жеке-жеке тоқталып, саяси науқан жайлы толық мағлұмат берді. Алдағы мақсат-жоспарлармен бөлісті. «AMANAT» партиясының бағдарламасы халықтың ұсыныс-пікірі негізінде дайындалды. Халықтың бірінші сұранысы – тұрмыс пен тұрақты жұмыс. Сондықтан жеке баспана, лайықты жалақы, сапалы білім мен медицина қарапайым тұрғындар үшін қолжетімді болуы керек. Мұның барлығы партияның сайлауалды бағдарламасында қамтылып отыр», - деді облыстық мәслихат депутаттығына үміткер. Ал Бақдәулет Мақашов еліміздегі туризм саласы, сапалы жол, жемқорлықпен күрес мәселесі, жастарды жұмысқа орналастыру және оларға қажетті жағдай жасау маңызды қадамдардың бірі екендігін айтты. Кездесу соңында үміткерлер ұжым мүшелерін  19 наурызда өтетін сайлауда белсенді болуға шақырды.

Қызылорда облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді