Жаңалықтар

«AMANAT» сайлауалды штабы Алматы қаласындағы сайлаушылармен кездесті

ашық дереккөзі

«AMANAT» сайлауалды штабы Алматы қаласындағы сайлаушылармен кездесті

«AMANAT» партиясының Республикалық сайлауалды штабы Алматыда қала тұрғындарымен, ғалымдармен және жастармен бірқатар кездесу өткізді.   Ғылым Академиясында өткен кездесуде сайлауалды бағдарламаның ғалымдарды қолдауға және озық технологияларды трансферттеуге арналған бөлімі талқыланды. Бұдан соң, спорт кешенінің алаңында штаб мүшелері Жетісу ауданының тұрғындарымен кездесіп, партияның сайлауалды бағдарламасында көрініс тапқан әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, инженерлік коммуникацияларды жаңарту, тұрғын үймен қамтамасыз ету шараларын талқылады. Осы күні аманаттықтар алматылық жастарымен өзекті мәселелерді талқылады. Іс-шараға 300-ден астам жас азамат қатысты. Штаб мүшелері студенттер үшін ең өзекті мәселенің бірі – жатақханалардағы орын тапшылығы мәселесін шешуді талқылады.