Жаңалықтар

Ақмола облысында ауыл балаларына арналған заманауи кампус бой көтереді

ашық дереккөзі

Ақмола облысында ауыл балаларына арналған заманауи кампус бой көтереді

Щучинск қаласындағы IQanat мектебінің аумағында жаңа Freedom House кампусының іргетасын қалау рәсімі өтті деп хабарлады turkystan.kz. Іс-шараға Ақмола облысы әкімінің орынбасары Малгаждар Таткеев, IQanat жобасының бастамашысы және қамқоршысы Айдын Рахымбаев, IQanat қамқоршысы, Freedom Holding Corp бас атқарушы директоры Тимур Турлов, мектеп түлектері мен оқушылары қатысты. «IQanat ауылдарда білім беру мәселелерін шешуге бей-жай қарамайтын қазақстандық кәсіпкерлердің басын біріктіріп отыр. Қазір мұнда білім алып жүрген белсенді әрі жігерлі жеткіншектер болашақта осы миссияны жалғастырады», - деді жобаның бастамашысы Айдын Рахимбаев. Жоспар бойынша, жаңа кампуста 420 орындық амфитеатр, жаратылыстану пәндерін зерттеуге арналған заманауи кабинет, 7 мың кітап қоры бар кітапхана болады. Сонымен қатар кампус IQanat мектебінің сыйымдылығын қосымша 120 орынға арттырады.