Рекс Тиллерсон - АҚШ Мемлекеттік хатшысы

Рекс Тиллерсон - АҚШ Мемлекеттік хатшысы

Рекс Тиллерсон - АҚШ Мемлекеттік хатшысы
ашық дереккөзі
АҚШ сенаты Рекс Тиллерсонды мемлекеттік хатшы қызметіне бекітті. 56 сенатор оны қолдап дауыс берсе, 43-і қарсы шықты.
Тиллерсон Мемлекеттік департаменттің 69-шы басшысы атанды. Бұған дейін ол ExxonMobil мұнай және газ компаниясын басқарған. Бірнеше ондаған жылдар бойы Тиллерсон Құрама Штаттардан мұнайды экспорттауға салынған тыйымды алып тастауға күш салды. 2016 жылдың 13 қарашасында президент Дональд Трамп оны америкалық дипломаттарға таныстырды. Ресейге қарсы санкция енгізілгенге дейін Exxon Mobil компаниясының ресейлік "Роснефть" компаниясымен бірлескен жобалары бар болатын, санкциялардан компания шығынға ұшырады. Тиллерсонның мемлекеттік хатшылыққа ұсынылуынан көптеген сарапшылар мүдделер қайшылығын көрді. Exxon Mobil компаниясын Ресейге қарсы санкцияларды әлсіретуге тырысқаны үшін сынады. Дегенмен Сенаттағы тыңдауларда Тиллерсон санкциялар мен "Магнитский заңын" қолдады.