Жаңалықтар

Күніне 20 сиыр, 10 түйе сауатын Балжан

ашық дереккөзі

Күніне 20 сиыр, 10 түйе сауатын Балжан

Балжан Пірімбетова – бір шаруашылықтың жұмысын дөңгелетіп отырған іскер келіншек. Таң ата салысымен мал қораға асығатын ол күніне 20 сиыр, 10 түйе сауады. Қалада өсіп, білім алған оған төрт түліктің тілін тауып, ауыл тірлігін үйіріп әкетуді енесі мен абысыны үйретіпті. «Үлкен әулеттің келіні атанғаныма 20 жыл болды. 18 жасымда келдім. Қара шаңы­ра­ғымыз Көксарай деген ауылда. Келін болып түскеннен кейін бір ай ғана ауылда тұрдық. Одан бері фа­зендада, яғни осы шаруашы­лық­тамыз. Бұл – Түркістан облысы Арыс ауданы Ақ­дала ауы­лы­на қарасты Сырдарияның жа­ға­сындағы жал­ғыз үй. Көршілеріміз екі ша­қы­рым жерде. Атамыз өмірден өткен. Енеммен бірге тұра­мыз. Ол кісі 76 жаста. Жолдасым жеті ағайын­ды. Мен бесінші келінмін. Мал шаруа­шы­лы­ғы­мен айналысамыз. Жолдасым – шаруа қо­жа­лы­ғының директоры. Сиыр, түйе, жылқы, қой ба­ғып, күн кешіп жатқан жайымыз бар», – дей­ді ол. «Мектепті үздік бітірдім. Екі дипломым бар. Алғаш келген кезде «қаланың қызы, еш­теңе білмейді» деп ұрыспай, бәрін үйреткен ене­ме алғыс айтқым келеді. Аналарымыздан үй­ре­неріміз көп. Мен келгенде екінші абы­сы­ным қара шаңырақта тұратын. Ол кісі сиырды қа­лай сауу керегін үйретті. Қазір Арыста тұра­ды. Қазір енеммен бірге екі келін бір шаңырақ астында тұрып жатырмыз. Бізде «Сенің тірлігің, ме­нің тірлігім» деген жоқ. Бір-бірімізге кө­мек­тесіп, тату күн кешіп жатырмыз. Күзде жоспар бойынша ветеринарлар ке­ліп малды емдеп кетеді. Қалған уақытта ауы­рып қалса, өзім емдеймін. Дәріханадан керекті дәрі-дәрмектің бәрін әкеліп қойғанмын. Негізі, арманым дәрігер болу еді. Анам «тұр­мысқа шықсаң, сені дәрігерлікке кім оқы­тады?» дейтін. Құдайға шүкір деймін, қазір дәрі­лердің бәрін зерттеп, қорадағы малда­рым­ды емдеп жүрмін», – дейді ол күліп.