Жаңалықтар

Әлімханұлы Канеломен айқасу үшін жоғары cалмаққа өтетінін мәлімдеді

ашық дереккөзі

Әлімханұлы Канеломен айқасу үшін жоғары cалмаққа өтетінін мәлімдеді

Орта салмақта WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (13-0, 8 КО) екінші орта дивизионға көтеріліп, мексикалық Сауль Канело Альвареске (58-2-2, 39 КО) қарсылас болуға дайын екенін мәлім етті деп хабарлады turkystan.kz Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық боксшы 2023 жылы үлкен айқастар өткізе алмаса, осындай қадамға баратынын твиттер желісінде жазды. 

«Биыл үлкен жекпе-жектер ұйымдастыруға тырысамын. Ал егер маған ондай мүмкіндік бермесе, 2024 жылы 168 фунтта Канелоға міндетті қарсылас боламын. Мұның мүмкін екенін бәрі біледі. Иншалла, келесі жылы екі салмақта чемпион атанамын!» деп жазды ол.