Кандидаттар Курчатов тұрғындарының өтініштерін тыңдады
Кандидаттар Курчатов тұрғындарының өтініштерін тыңдады
Абай облысының аудандары мен қалаларына "AMANAT" партиясының сайлауалды штабы өкілдерінің сапарлары жалғасуда. "AMANAT" партиясының Абай облыстық филиалының сайлауалды штабының өкілдері Курчатов тұрғындарының өтініштерін тыңдады.
"AMANAT" партиясы халықтың сұраныстарын ескере отырып, әр азаматтың, шалғайдағы елді мекен тұрғындарының пікірлерін тыңдауға дайын. "AMANAT" партиясынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар Марат Сандыбаев, Самат Нұртаза, облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Галина Судгаймер, "AMANAT" партиясы Орталық аппаратының мобильді қоғамдық қабылдау бөлімінің басшысы Ардан Аралбай Курчатовта болды.
Мәдениет үйінде "AMANAT" партиясының сайлауалды штабының мүшелері қала тұрғындарымен кездесіп, оларды партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Депутаттыққа кандидаттар жиналғандардың қандай қажеттіліктері, проблемалары бар екенін анықтап, келіп түскен сұрақтарға жауап берді.
- "AMANAT" партиясы өзін халықтық партия ретінде көрсете отырып, әр азаматтың, шалғайдағы елді мекендердің тұрғындарының пікірін тыңдауға дайын. Партия құрамы 75 пайызға дейін жаңарды. Жаңа тұлғалар, жаңа адамдар бүгінгі таңда мемлекетіміздің заң шығару процестеріне айрықша ықпал етуде. Біз әрқашан барлық ұсыныстарға ашықпыз, сіздердің тілектеріңізді тыңдауға дайынбыз, - деді партияның Орталық аппаратының мобильді қоғамдық қабылдау бөлімінің басшысы Ардан Аралбай.
"AMANAT" партиясынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Марат Сандыбаев партияның сайлауалды бағдарламасы аясында Курчатов қаласының ғылыми-практикалық әлеуетін дамытуға қандай мүмкіндіктер берілгенін атап өтті.
- Облыстық ауруханада реаниматолог болып жұмыс істегенде санитариялық авиация ауыр жағдайларға шақырылатын. Сол кезде барлығы Курчатовқа іссапарға баруды армандайтын, өйткені қаланың өркендеп тұрған кезі, мұнда Мәскеу барлық керек-жарақпен қамтамасыз ететін. Әрине, ол кезде де бұл жабық қала болды, бірақ өңірдің ғылыми әлеуеті өте жоғары еді. Қазір мұнда қаланы құраушы кәсіпорындардың бірі – Ұлттық ядролық орталық жұмыс атқаратыны белгілі. Ғылыми орталық – әлемнің түкпір-түкпірінен ғалымдарды тартатын әйгілі ғылыми-эксперименттік алаң. "AMANAT" партиясының бағдарламасында ғылымды, Курчатов сияқты моноқалаларды дамыту мәселелері бар. Біз мұнда ғылым қалашығын салғымыз келеді, сондықтан өңірдің болашағы зор. Егер "AMANAT" партиясына дауыс берсеңіздер, ҚР Парламенті Мәжілісіндегі өкілдеріңіз ретінде біздің жаңадан құрылған облысымыздың мүддесін қалай қорғайтынымызды білеміз, - деді Марат Сандыбаев.