Бір күнде 6 адам газдан уланып, ауруханаға түсті

Бір күнде 6 адам газдан уланып, ауруханаға түсті

Бір күнде 6 адам газдан уланып, ауруханаға түсті
ашық дереккөзі
Төтенше жағдайлар министрлігі бір тәулікте 6 адамның газдан уланғанын мәлімдеді деп хабарлады  turkystan.kz. 8 наурыз сағат 23:07-де Семей қаласының «101» пультіне жедел жәрдем стансасының кезекші диспетчерінен Цветочная көшесінде төрт баланың газдан уланғаны туралы хабар түскен. Ақпарат жинау барысында жеке тұрғын үйде қатты отынмен жылытылатын пешті пайдалану ережесін бұзғандықтан түтін мұржасы тартылмай қалғаны белгілі болды. Сол себепті 4 және 5 жасар балалар улы газдан жеңіл дәрежеде уланған. Олар дәрігерлер тексергеннен кейін үйіне жіберілді. Сондай-ақ, 11 және 7 жасар балалар газдан орташа дәрежеде уланып, дәрігерлер тексергеннен кейін Семей қаласының «Бүйрек орталығы» мекемесіне токсикология бөлімшесіне жатқызылды. Сондай-ақ, Солтүстік Қазақстан облысында 8 наурызда сағат 02:52-де Ғ. Мүсірепов атындағы ауданның орталық ауруханасына Новоишимское ауылындағы аудан орталығының көппәтерлі тұрғын үйіндегі жалдамалы пәтерде тұратын 1976 жылы туған әйел және 1977 жылы туған ер адам жатқызылып, қажетті ем алды. Қазір олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, ауруханадан үйіне шығарылды. Пәтерді тексеру кезінде жылыту пешінің мұржасы күйеге толы екені анықталды, нәтижесінде тартылу болмай, газ бөлмеге шыққан. Сондай-ақ, пеш пен мұржада жарық болған. Осы факті бойынша тұрғын үй иесі ҚР ӘҚБтК-нің 410-бабы 3-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 2022 жылы СҚО елді мекендерінде 28 адам улы газдан уланған, жылдың басынан бері 22 адам уланып, бір адам көз жұмды.