Жаңалықтар

Мерекеде гүл сатқандар қоқысты көшеге тастап кеткен (ВИДЕО)

ашық дереккөзі

Мерекеде гүл сатқандар қоқысты көшеге тастап кеткен (ВИДЕО)

Әлеуметтік желіде Алматыда гүл сатушылар тастап кеткен қоқыстың видеосы тарады деп хабарлады turkystan.kz. «8 наурыз күні Domillion сауда орталығына қарама-қарсы жолда гүл сатылды. Бірақ, содан кейін сатушылар бәрін, бүкіл қоқысын жинамай, тастап кетті. Олардың қоқысын кім тазалайды?»деп жазды желі қолданушылары. Бұл жағдайға Алатау ауданы әкімінің аппараты түсінік берді. «Қаланың Кәсіпкерлік және инвестиция басқармасы жабайы сауда орындарын болдырмау мақсатында 2023 жылдың 6, 7 және 8 наурызында Халықаралық әйелдер күнін мерекелеу кезінде уақытша сауда орындарын бекітті. 9 наурызда уақытша сауда орындары тазаланып, аталған мәселелер жойылды. Басқарма алматылықтарды қоқыс тастамауға, қаланы таза ұстауға шақырады», - делінген әкімдік хабарламасында.