Қазақстандық оқушылар Microsoft компаниясынан грант ұтып алды

Қазақстандық оқушылар Microsoft компаниясынан грант ұтып алды

Қазақстандық оқушылар Microsoft компаниясынан грант ұтып алды
ашық дереккөзі
Республикалық физика-математика мектебінің оқушылары Арсен Қылышбек пен Владимир Борзенков Microsoft for Startups компаниясынан 550$ грант ұтып алды деп хабарлады turkystan.kz. Оқушылардың айтуынша, олар жасанды интеллект негізінде стартап-жоба әзірлеген.
«Whoock - клиент үшін мәтіндік хабарламаларға негізделген қызмет жүйесін дамыта алатын веб-сайт генераторы және редакторы. Ол заманауи дизайнмен толық веб-сайт жасай алады. Яғни, сайтты жасап, клиенттің сұранысына сай орындау жасанды интеллектпен байланыс арқылы жүзеге асады», –  дейді оқушылар.
Жобаның мақсатты аудиториясы – компания туралы прототип немесе жедел сайт жасауды қажет ететін енді басталған бизнес және стартаптар. Қазір Whoock алғашқы қызметтік нұсқасын жүзеге асырып жатыр. Бета нұсқа іске қосылған соң оқушылар сервистік мүмкіндікті одан әрі кеңейтуді жоспарлап отыр. Whoock-пен толыққанды веб-қосымша әзірлейтін мүмкіндік болады.
«Платформа орта есеппен бір жарым минут ішінде толыққанды сайт жасайды. Келесі аптада іске қосуды жоспарлап отырмыз. Кез келген адам өз платформасына тегін қол жеткізе алады және оны қалағанынша пайдаланады», — дейді оқушылар.
Жас стартаперлер Microsoft for Startups Founder Hub-тан өткеніне қуанышты, Арсен мен Владимир ұтып алған қаражаттарын өз жобаларын дамытуға жұмсамақшы.