Жаңалықтар

«AMANAT» партиясы ауыл халқының табысын арттыруды көздейді

ашық дереккөзі

«AMANAT» партиясы ауыл халқының табысын арттыруды көздейді

«AMANAT» партиясы «Ауыл аманаты» жобасы аясында 1 мыңнан астам ауыл халқының табысын арттырады деп күтілуде. Бұл ауыл халқының жағдайын жақсартып, азаматтардың табысын арттыруды көздейді. Қызылорда облыстық мәслихаты депутаттығына партиялық тізім бойынша үміткерлер Ержан Ескендір, Жорабек Нұрымбетов, Алмас Рахметов, Жаннат Кожарипова Қызылөзек ауылдық округінде болып, жергілікті тұрғындармен кездесу өткізді. Жиын барысында «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары түсіндіріліп, қуатты әрі өзін-өзі қамтамасыз ететін экономика қалыптастырып, бақуатты өмір лайықты жұмыс пен еңбек жағдайын жақсарту жөнінде пікір алмасты. «Ауыл аманаты» жобасы аясында 1 мыңнан астам ауыл халқының табысын арттырамыз. Ауыл тұрғындарының табысын, біліктілігін арттыру, кадр тапшылығын жоюға ықпал етеміз. Азық-түлік бағаларын тұрақтандыру мақсатында жәрмеңкелердің ұйымдастырылуын және маусымаралық кезеңде тұрақтандыру қорларының толтырылуын қамтамасыз етеміз. Нәтижесінде ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 23,8%-ға өсіп, 2027 жылы 238,5 млрд теңгені құрайды. Ауыл шаруашылығында 4 мыңнан астам жұмыс орындары құрылады және шаруашылықтардың машина-трактор паркі 4%-ға дейін жаңаланады. «АМАNАТ» барлығына тең мүмкіндіктер жасауды мақсат етіп отыр», - деді үміктер Жорабек Нұрымбетов.