Жаңалықтар

Президент 100 жасқа келген соғыс ардагерін мерейтойымен құттықтады

ашық дереккөзі

Президент 100 жасқа келген соғыс ардагерін мерейтойымен құттықтады

Президент жүз жасаған соғыс ардагері Иван Гапичпен және 96 жастағы өлкетанушы Жайсаң Ақбаймен кездесіп, әңгімелесті деп хабарлады Ақорда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев соғыс ардагері Иван Гапичтің үйіне барып, 100 жасқа толған мерейтойымен құттықтады. Президент оның өмір жолы халыққа қызмет етудің, ерен еңбектің, отансүйгіштіктің жарқын үлгісі саналатынын атап өтті.    – Бұл жасқа жету екінің бірінің маңдайына жазылмайды. Оның үстіне, сіз Ұлы Отан соғысына қатыстыңыз. Біз майдан даласында болған соғыс ардагерлеріне зор құрметпен қараймыз. Соғыстан кейінгі жылдары елге оралып, прокуратура органдарында еңбек етіп, еліміздің дамуына сүбелі үлес қостыңыз. Сізге алғыс айтамын, – деді Мемлекет басшысы. – Сіздің еңбек жолыңыз – көпшілікке үлгі-өнеге. Партияда, мемлекеттік қызметте еңбек еттіңіз. Отандық мәдениет саласын дамытуға елеулі үлес қостыңыз. Сізге мықты денсаулық, отбасыңызға бақ-береке тілеймін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Жайсаң Ақбай Батыс Қазақстан облысының білім және мәдениет салаларында ұзақ жыл еңбек еткен. Сондай-ақ ол өңірде өлкетанушылық қызметімен танымал. Соғыс ардагері Иван Гапич пен еңбек ардагері Жайсаң Ақбай Президентке алғыс айтып, ризашылығын білдірді.