Жаңалықтар

«AMANAT»-тың өкілдері ХҚКО қызметкерлерімен кездесу өткізді

ашық дереккөзі

«AMANAT»-тың өкілдері ХҚКО қызметкерлерімен кездесу өткізді

«AMANAT» партиясынан Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаттығына кандидаттар Әсем Рахметова, Галина Семенова және Нұрлан Айманов Петропавл қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығында кездесу өткізді. Мекеме қызметкерлерімен қарым-қатынас барысында Әсем Рахметова партияның халықтың көшіп кетуін азайтуға бағытталған бастамалары туралы айтты. «Көші-қон мәселесін кешенді шаралар арқылы  ғана шешуге болады. Біріншіден, жұмыс орындарын құру, жалақыны көтеру және аймақтың инфрақұрылымын жақсарту керек.  Әр ауылда су, жол, интернет және жұмыс болуы тиіс. Мұның бәрі біздің Сайлауалды бағдарламамызда қарастырылған», - деп атап өтті Әсем Рахметова. Әңгіме барысында ХҚКО қызметкерлері өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, жауап алды. Аймақты газдандыру тақырыбын талқылау үлкен қызығушылық тудырды. «Өңірді газдандыру мәселесін шешу біздің бағдарламамызда қарастырылған. Осы бағытта партия газ құбырын салу жөніндегі жобаны ілгерілетуге және Астана-Көкшетау – Петропавл бағыты бойынша «Сары-Арқа» жобасын одан әрі іске асыруға ұмтылатын болады», - деді Галина Семенова. Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізім ұсынған «AMANAT» партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді.