Жаңалықтар

«AMANAT»: түркістандық кандидаттар мүмкіндігі шектеулі азаматтармен кездесті

ашық дереккөзі

«AMANAT»: түркістандық кандидаттар мүмкіндігі шектеулі азаматтармен кездесті

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық сайлауалды штабының мүшелері Арыс қаласында үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырды. Атап өтсек, облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Қалыйма Жантөреқызы, Рабиға Қуатбекова және Арыс қалалық сайлауалды штабының төрағасы Бақтығали Ділдәбеков бастаған сенімді өкілдер «Тең қоғам» әлеуметтік орталығына барып, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндірді. Кездесу барысында сөз алған Қалыйма Жантөреқызы алдымен «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасындағы халықтың ұсыныс-пікірлері бойынша түзілген он негізгі бағытты таныстырды. Сонымен бірге алдағы уақытта тұрғындарға жайлы өмір сүру ортасын құру мақсатында қандай жобалар жүзеге асырылатынын жеткізді.