«AMANAT»: сайлауалды бағдарламада Жаңаөзендегі жол сапасын жақсарту көзделген

«AMANAT»: сайлауалды бағдарламада Жаңаөзендегі жол сапасын жақсарту көзделген

«AMANAT»: сайлауалды бағдарламада Жаңаөзендегі жол сапасын жақсарту көзделген
ашық дереккөзі
 «AMANAT» партиясынан облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Тимур Әбдіқадыров, Жанболат Тангиев пен Жұлдыз Мұхамбетқалиқызы Жаңаөзен қаласына үгіт-насихат жұмыстарымен барып, «ӨзенМұнайСервис» ЖШС ұжымымен кездесті. Кандидаттар партияның алдағы 5 жылға арналған жоспарында Жаңаөзен қаласының жол сапасын жақсарту қарастырылғанын айтты. Қызметкерлер жиынға белсенді қатысып, бірнеше мәселелерді ортаға салды.  Қала тазалығына мән берілмейтіндігін, көшедегі бұралқы иттердің қауіптілігін атап өтті. Басты мәселе – жол сапасының нашарлығы.  width= Өз кезегінде, кандидаттар алдағы бес жылда жол сапасын жақсарту мақсатында Жаңаөзен қаласында, одан бөлек Мұнайлы, Маңғыстау, Бейнеу аудандарында кемінде 600 км ауыл ішінде, қалалық құрылыс, реконструкциялау және орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге ықпал етуді көздеп отырғандығын жеткізді. Әрі қарай үгіт-насихат жұмыстары  «KMG catrenіg» ЖШС мекемесінде жалғасты. Қызметкерлерге партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырылып, алда өтетін сайлауға белсенді қатысуға шақырды.

Тапсырыс беруші: Н.Қарасаев.

Маңғыстау облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.