«AMANAT»: сайлауалды бағдарламада Жаңаөзендегі жол сапасын жақсарту көзделген
«AMANAT»: сайлауалды бағдарламада Жаңаөзендегі жол сапасын жақсарту көзделген
«AMANAT» партиясынан облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Тимур Әбдіқадыров, Жанболат Тангиев пен Жұлдыз Мұхамбетқалиқызы Жаңаөзен қаласына үгіт-насихат жұмыстарымен барып, «ӨзенМұнайСервис» ЖШС ұжымымен кездесті. Кандидаттар партияның алдағы 5 жылға арналған жоспарында Жаңаөзен қаласының жол сапасын жақсарту қарастырылғанын айтты.
Қызметкерлер жиынға белсенді қатысып, бірнеше мәселелерді ортаға салды. Қала тазалығына мән берілмейтіндігін, көшедегі бұралқы иттердің қауіптілігін атап өтті. Басты мәселе – жол сапасының нашарлығы.