«AMANAT» партиясы жастарды барынша қолдауға ниетті

9 наурыз, 2023 / Меруерт Сағымхан
ашық дереккөзі
«AMANAT» партиясы жастарды барынша қолдауға ниетті Партиялық тізім бойынша Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаттығына кандидаттар Фариза Мұқанова, Тимур Бекеев және өңірлік сайлауалды штабтың мүшесі Зәуре Қартова Манаш Қозыбаев атындағы СҚУ инженерия және цифрлық технологиялар факультетінің студенттерімен кездесті. Іс-шарада кандидаттар партияның жастар үшін әділ әлеуметтік лифт құру ниеті туралы айтты.
«Біздің Сайлауалды бағдарламамызға сәйкес әрбір жас қажетті мамандықты игеруге мүмкіндік алады. Біз жыл сайын еліміздің колледждері мен жоғары оқу орындарында оқу үшін гранттар санын көбейтуді көздеп отырмыз. Колледж студенттерінің, бакалаврлардың, магистрлердің және докторанттардың стипендиялары бір жарым-екі есе өседі. Жас ғалымдарды қолдау үшін ғылыми әзірлемелерге мың грант бөлінетін болады», - деді Фариза Мұқанова.
Өз кезегінде Тимур Бекеев партияның жастарды жұмысқа орналастыруға бағытталған бастамалары туралы баяндады.
«Біз жастар бастамаларын қаржыландыру көлемін ұлғайтамыз, волонтерлікті қолдаймыз, сапалы бос уақытты қамтамасыз етеміз. Біздің өңірде партия «Жасыл Ел» еңбек жасақтары арқылы жазғы кезеңде 665 адамды жыл сайын жұмысқа орналастыруға қолдау көрсететін болады. Сондай-ақ жыл сайын «Түлектерге арналған жастар тәжірибесі» жобасы бойынша кемінде 2,5 мың жас адам жұмысқа орналасатын болады. Жас кәсіпкерлер үшін конкурстық негізде жылдық 2,5% жеңілдікпен кредит ұсынылады», - деді Тимур Бекеев.
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізім ұсынған «AMANAT» партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді.