«Оқиға аяқталды» – Сәпиев жанжалға қатысты жауап берді

«Оқиға аяқталды» – Сәпиев жанжалға қатысты жауап берді

«Оқиға аяқталды» – Сәпиев жанжалға қатысты жауап берді
ашық дереккөзі
Зелимхан Мусихановпен болған жанжалға қатысты және оның оқудан шығуы, отбасына қатысты бірнеше сұраққа боксшы Серік Сәпиевтің өзі жауап берді деп хабарлады turkystan.kz Tengri Sport басылмына сілтеме жасап. Бұған дейін БАҚ-та Серік Сәпиев пен Зелимхан Мусихановтың арасындағы жанжалдан кейін "жас балуан спорт колледжінен, ал оның отбасы мүшелері жұмыстан шығарылды" деген ақпарат тарады. Кейін балуанның оқудан шығарылғаны туралы ақпарат жоққа шығарылды. Tengri Sport редакциясы Серік Сәпиевке хабарласып, жағдайға пікір білдіруді сұраған.
"Мен мұны бірінші рет естіп тұрмын. Оның отбасына қатысты ақпаратты да растай алмаймын. Кез келген қысымға қарсымын. Халық бұл жағдайды ұмытса екен деймін. Оқиға аяқталды. Спорт - эмоция, кез келген бәсекелестіктің қалыпты бөлігі. Жастарға тек сәттілік тілеймін", - деді боксшы.