Жаңалықтар

«AMANAT» партиясы үш ауысымды мектеп мәселесін шешуге атсалысады

ашық дереккөзі

«AMANAT» партиясы үш ауысымды мектеп мәселесін шешуге атсалысады

Павлодар облысында «AMANAT» партиясынан облыстық мәслихат депутатына үміткер Жанбол Жилбаев, Олег Костенко, Ирина Чидунчи, Салтанат Шабажанова, Серік Сәдуақасов,  Жамила Эрназарова облыс орталығында бірнеше мекемеге барып, үгіт-насихат жұмысын жүргізді.  Тұрғындарға партияның «Халықпен бірге» бағдарламасы түсіндірілді. Кандидаттар алдымен жұмыспен қамту орталығына барып, жұмыссыз азаматтармен кездесіп, пікір алмасып, сұрақтарына жауап берді. Партияның сайлауалды бағдарламасында жұмыссыздықты жою мәселесі бойынша нақты жоспарлар қойылған. Яғни, осы мақсатта жұмыспен қамту орталықтарының жұмысы толыққанды еңбек тиімділігінің орталығы ретінде күшейе түседі. Өңірлерде әкімдіктер жұмыссыздармен және өзін-өзі жұмыспен қамтығандармен тікелей жұмыс істеу үшін мобильді топтар құрады. Сонымен қатар,  Altyn business park-те кәсіпкерлермен кездесу болды. Мұнда Жаңа Қазақстанды құру идеясына, халықтың әлеуметтік жағдайын көтеруге, кәсіпкерлікті қолдауға қатысты өздерінің пікірін білдірді. Сондай-ақ, кандидаттар мемлекеттік сатып алу және салық жүйесіне қатысты енгізілетін өзгерістер мен жаңа ережелер туралы айтты. Халықтың сату және сатып алу мүмкіндігін арттыру бойынша жұмыс жүргізіледі. Мәселен, баға саясаты реттеледі. Одан бөлек кәсіпкерлер үшін жаңа ережелер мен нормалар қарастырылған. Мәселен, салық кодексінде өзгерістер болады. Сол секілді мемлекеттік сатып алу бойынша жаңа ережелер бекітіледі. Жалпы, бизнестің климатын жақсарту бойынша тиімді жобалар қарастырылған. Партияның сайлауалды бағдарламасында салық саясатын және басқа да заңнамалық актілерді қайта қарау арқылы ірі өндіруші компанияларға шикізатты елде қалдырып, толықтай өңдеуге инвестиция салудың тиімді болуын қамтамасыз ету жоспарда бар, - дейді Серік Сәдуақасов. Белсенділер халықтың ұсыныстары мен талаптары партияның өңірлік бағдарламасына енгізіліп, жұмыс жүргізілетінін айтты. Дайындаған: «AMANAT» партиясы Павлодар облыстық филиалының баспасөз қызметі, Павлодар қаласы, Кривенко көшесі, 25А Тапсырыс беруші: И.С. Теренченко Павлодар облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді. *Осы ақпаратты кез келген бұқаралық ақпарат құралдарында (сайттарда, БАҚ аккаунттарында, әлеуметтік желілерде және блог-платформаларда, мессенджерлерде) қайта басып шығаруға, қайталауға, көшіруге, қайта жариялауға, репост жасауға және өзге де шығаруға және/немесе таратуға тыйым салынады. Сондай-ақ, осы ақпаратты әлеуметтік желілерде, әлеуметтік желілер мен әлеуметтік платформалардың аккаунттарында, мессенджерлерде таратуға тыйым салынады.