Футзал: Қазақстан әлем чемпионатына іріктеу кезеңінің элиталық сатысына шықты

Футзал: Қазақстан әлем чемпионатына іріктеу кезеңінің элиталық сатысына шықты

Футзал: Қазақстан әлем чемпионатына іріктеу кезеңінің элиталық сатысына шықты
ашық дереккөзі
Қазақстан құрамасы 2024 жылғы футзалдан әлем чемпионатына іріктеу турнирінің негізгі кезеңінде Словения құрамасымен кездесті деп хабарлады turkystan.kz.  Ойынның алғашқы бөлігінде Қазақстан құрамасы 1:3 есебімен жеңіске жеткен. Екінші таймда алаң иелері жауапсыз екі доп соғып, таразы басын теңестірді. Тартысқа толы Марибордағы кездесу 3:3 есебімен аяқталып, қос құрама тең тарқасты. Осылайша Қазақстан құрамасы 2024 жылғы әлем чемпионатына іріктеу турнирінің элиталық кезеңіне жолдама алды.