Соңғы мүмкіндік: Жалғас Жұмағұлов UFC-де тағы бір кездесу өткізеді

8 наурыз, 2023 / Равиль Ашығали
ашық дереккөзі
Соңғы мүмкіндік: Жалғас Жұмағұлов UFC-де тағы бір кездесу өткізеді UFC-де өнер көрсететін қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұловтың (14-8) келесі қарсыласы анықталды деп хабарлады turkystan.kz. Жұмағұлов 6 мамырға әлемнің жетекші ММА лигасындағы кезекті жекпе-жегін өткізеді. Оның кезекті қарсыласы америкалық Натан Манесс (14-3) атанды. Қазіргі келісімшарт бойынша Манесспен жекпе-жек Жұмағұловтың UFC-дегі соңғы кездесуі саналады. Бұған дейін отандасымыз Чарльз Джонсоннан төрешілер шешімімен жеңілген болатын.