Жетісу облысындағы автожолды су шайып кетті

Жетісу облысындағы автожолды су шайып кетті

Жетісу облысындағы автожолды су шайып кетті
ашық дереккөзі
Жетісу облысында облыстық маңызы бар автожолды су шайып кетті деп хабарлады turkystan.kz ТЖМ сілтеме жасап.
«7 наурызда Кербұлақ ауданында «Малайсары-Сарыөзек» облыстық маңызы бар автожолды еріген қар суы шайды. Салдарынан жергілікті тұрғындар уақытша автокөлікпен ауылға кіріп шыға алмады.ТЖД 10 қызметкері мен 2 бірлік техникасы 50 – ден астам адамды тасымалдауға көмек көрсетті, оның 14-і бала. Сағат 22.30-да су деңгейі төмендеді» - делінген хабарламада.
Тұрғын үйлерді су басу қаупі жоқ.