«AMANAT» партиясы көшкенталдықтардың да аманатын арқалады

«AMANAT» партиясы көшкенталдықтардың да аманатын арқалады

«AMANAT» партиясы көшкенталдықтардың да аманатын арқалады
ашық дереккөзі
Бүгін «AMANAT» партиясы Жетісу облыстық филиалы атынан облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Арыстанғали Арын және Жетісу облыстық сайлауалды штаб мүшелері партияның сайлауалды бағдарламасы мен өңірдің әлеуетін көтеруге бағытталған жұмыстарын таныстыру мақсатында Ақсу ауданына барды. Облыстық штабтың табаны алғаш болып Көшкентал ауылына тиді. Айтулы елді мекеннің тұрғындары халықтық партияның алдында алғысы мен айтулы мәселелерін айтты. Экономиканың күретамыры саналатын жолдың, ауыз судың, көгілдір отынның, ауыл шаруашылығының проблемалары жіпке тізілгендей баяндалды. Мұндай мәселелер Жетісу өңірінің әр тармағында бар. Өз кезегінде сөз тізгінін алған кандидат Арыстанғали Арын ауыл шаруашылығындағы түйіткілдердің тінін тарқатты. Жалпы, Жетісу өңірі тіршілігін ауыл шаруашылығына негіздеген аймақ. Мұндағы тұрғындардың 56 пайызы ауылдық жерлерде тұрады. Дегенмен, айтулы салада етжеңді мәселелер жетеді. Арыстанғали Арынның айтуынша, облыстағы барлық ауылшаруашылық техникаларының 65 пайызы, су шаруашылығының нысандарың 70 пайызы тозған. Атаулы сала бойынша жайылымдық жердің тапшылығы 700 мың гектарды құрап отыр. Осындай өзекті мәселелерді шешуге «AMANAT» партиясы «білек сыбанып» отыр. Себебі партияның мақсаты – өңірдің әлеуетін арттыру, әлеуметінің тұрмысын қолайлы ету. - Біз құрғақ уәде мен құр сөзді тірлігімізге арқау етпейміз. Өйткені, иінімізде халықтың аманаты тұр. Халықтың аманаты – елді өркендету. Ал Қазақстанды өрісті, қуатты елге айналдыру үшін ауылды әлеуеттендіру қажет. Міне, осы бағытта партиямыз 2027 жылға дейін 600 дана ауылшаруашылық техникасын лизингке алуға, өңірдің басты бренді қант қызылшасы егілетін алқапты 12 мың гектарға ұлғайтуға, жаңадан 900 мың гектар жайылымдық жер енгізуге мұрындық болмақ, - деді Арыстанғали Арын. Өз кезегінде көшкенталдықтар ауылдағы мектепті күрделі жөндеу керегін, ауылдық амбулаторияның жайын айтты. Кандидат алдағы 5 жылда ауылдықтар айтқан мәселелер толық шешімін табарын жеткізді. Бастысы, Көшкентал ауылының тұрғындары алдағы сайлауда белсенді болып, дұрыс таңдау керегін жеткізді.

Жетісу облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.