Жаңалықтар

«AMANAT» партиясы 100 мың тұрғынды жұмыспен қамтуды көздеп отыр

ашық дереккөзі

«AMANAT» партиясы 100 мың тұрғынды жұмыспен қамтуды көздеп отыр

«AMANAT» партиясы Жетісу өңірінде 2021-2022 жылдары 2,2 мың орындық 8 мектеп, 290 орындық 3 балабақша салып, 15 білім беру нысанына күрделі жөндеуден өтуіне ықпал етті. Одан өзге 4 медициналық нысанды халық игілігіне пайдалануға беріп, 15 медициналық пункт тұрғысуға септесті. Партия сол уақыттағы сайлауалды бағдарламасында уәде еткен басым басымдықтардың бәрін жүзеге асырды. Мұнан «AMANAT» партиясының нақ істер саяси құрылым екенін аңғару қиын емес.

Бұл жайында «AMANAT» партиясы Жетісу облыстық филиалы атынан облыстық мәслихат депутаттығына кандидаты Арыстанғали Арын пен облыстық сайлауалды штабының төрағасы Ермек Келемсейіт Панфилов ауданы, Жаркент қаласының мәдениет үйінде өткен кездесуде сөз етті.

Әуелі сөз алған штаб төрағасы партияның осы уақытқа дейін атқарған жұмыстарымен, алдағы жоспарларын таразылады.

- «AMANAT» – халықтың партиясы. Сол себепті ел азаматтарының тыныс-тіршілігін зерделей келе сайлауалды бағдарламасында ең алдымен  тұрғындардың  әлеуетін арттыру бағытында кешенді жоспар құрып отыр. Соның ең негізгісі баспана мен жұмыссыздық мәселесі. Партияның Жетісу өңіріне арналған бағдарламасында 2027 жылға дейін 100 мың тұрғынды жұмыспен қамтуды көздеп отыр, - деді Ермек Келемсейіт.

Артынша сөз алған Арыстанғали Арын ауылшаруашылығындағы өзекті мәселелердің тінін тарқатты. Жетісу өңіріндегі халықтың 56 пайызы ауылдық жерлерде тұратынын да тілге тиек етті. Алайда барлық ауылшаруашылық техникаларының 65 пайызы, су шаруашылығының нысандарың 70 пайызы тозған. Сала мамандарының мәліметінше, атаулы сала бойынша жайылымдық жердің тапшылығы 700 мың гектарды құрап отыр.

- Партиямыз 2027 жылға дейін 600 дана ауылшаруашылық техникасын лизингке алуға, өңірдің басты бренді қант қызылшасы егілетін алқапты 12 мың гектарға ұлғайтуға, жаңадан 900 мың гектар жайылымдық жер енгізуге мұрындық болмақ. Осындай ауқымды жұмыстар нәтижесінде 2027 жылы қарай атаулы саладағы жалпы ішкі өнімнің көлемі 1,3 есе артады әрі ауылдың еңсесін тіктейміз, - деді Арыстанғали Арын.

Бастысы, «AMANAT» партиясы Жетісу өңірінің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін тасытады.

Жетісу облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.