Павлодарда көңілдесіне пышақ сұққан әйел сотталды

Павлодарда көңілдесіне пышақ сұққан әйел сотталды

Павлодарда көңілдесіне пышақ сұққан әйел сотталды
ашық дереккөзі
Сот отырысында айыпталушы бұл әрекеті үшін өкінетінін жеткізді деп хабарлады turkystan.kz Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап. Облыстық сот баспасөз қызметінің мәліметінше, былтыр желтоқсан айында 41 жастағы әйел өзімен бірге тұратын ер адаммен бірге үйінде ішімдік ішкен. Азамат әйелге балағат сөздер айтқаннан кейін екеуі сөзге келіп қалған. Сол кезде ашуға бойалдырған әйел асүйден 15 см пышақты алып, ер адамның кеудесінен бір ұрған. Салдарынан ер адамның денсаулығына ауыр зиян келіп, ауруханаға жеткізілген. Аталған іс Павлодар қаласының №2 сотында ҚК 106-бабының 1-бөлімі – «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру» бойынша қаралды. Сотта әйелдің бұрын бірнеше рет сотталғаны және бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтегені анықталды. Жәбірленуші сотталушыға шағым жоқ екенін айтып, оны бас бостандығынан айырмауын сұрады.
«Әйел адамға қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде төрт жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды», – делінді соттың үкімінде.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.