«ПСЖ» Неймарға қатысты мәлімдеме жасады

«ПСЖ» Неймарға қатысты мәлімдеме жасады

«ПСЖ» Неймарға қатысты мәлімдеме жасады
ашық дереккөзі
Франция футбол клубы «Пари Сен-Жермен» ойыншы Неймардың денсаулығына қатысты мәлімдеме жасады деп хабарлады turkystan.kz. Клуб мәліметінше, Неймар қалған маусым бойы ойынға шыға алмайды. Оның 19 ақпан күні «Лилляға» қарсы ойында алған жарақаты тым ауыр деп отыр. Клубтың медицина штабы Неймарға операция керек екенін айтқан. Футболшының алаңға оралуына кемі 3-4 ай уақыт кетеді. Неймар өзі де әлеуметтік желіде «Мықты болып ораламын» деп жазба қалдырған.