Хабиб қазақстандықтарға тосын үндеу жасады

7 наурыз, 2023 / Ақмарал Берекет
ашық дереккөзі
Хабиб қазақстандықтарға тосын үндеу жасады UFC ұйымының жеңіл салмақтағы экс-чемпионы Хабиб Нурмагомедов әлеуметтік желіде қазақстандықтарға арналған жазба жариялады деп хабарлады turkystan.kz Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. Ол Қазақстанда M-Eat by Khabib атты жылдам тамақтанатын орын ашпақ.
"Қазақстанда бірнеше рет болдым. Жақында жиірек барудың ресми себебі болады. Ет пен жақсы асты танитындар Қазақстанда көп екенін білемін. Көктемде Қазақстанда M-eat by Khabib ашпақпын. Қазақстандықтар, бауырларым, M-eat by Khabib-тің бірінші нүктесін қай жерден көргіңіз келетінін жазып өтсеңіздер?" - делінген жазбада.