Түркияда зілзаладан қаза болғандар саны 46,1 мыңнан асты

Түркияда зілзаладан қаза болғандар саны 46,1 мыңнан асты

Түркияда зілзаладан қаза болғандар саны 46,1 мыңнан асты
ашық дереккөзі
Түркияның оңтүстік-шығысында болған зілзаладан қаза тапқандар саны 46 104 адамға жетті. Бұл туралы аталған ел президенті Режеп Тайып Ердоған телеүндеуде айтты деп хабарлады turkystan.kz.
«Жер сілкінісінен кейінгі төрт аптадан соң бастан өткерген алапаттың ауқымын анағұрлым нақты көріп отырмыз және қайғымызды анағұрлым терең сезінудеміз», - деді Түркия президенті.
Оның айтуынша, ел билігі табиғи апат салдарынан қираған аудандарды қысқа уақытта қалпына келтіруге бекініп отыр.
«Біздің мақсат – алдағы екі айда 244 ғимараттың және ауылдағы 75 мың үйдің құрылысын бастау», - деді ол.
Ердоған 22 мың үйдің құрылысы басталып кеткенін айтты. Зілзаладан зардап шеккен аудандарда 488 мың жаңа үй салу жоспарлануда. Сондай-ақ аталған аудандарда контейнерлік үлгідегі 100 мың үй орнатылады.