Жаңалықтар

Елімізде көлікті жалға алатындар азайған

ашық дереккөзі

Елімізде көлікті жалға алатындар азайған

Автокөлікті жалға алу бойынша көрсетілген қызмет көлемі 37,1% азайды деп хабарлады turkystan.kz ұлттық статбюроға сілтеме жасап. Жеңіл автомобильдерді жалға беру секторында көрсетілген қызметтер көлемінің төмендегені байқалды. 2022 жылғы қаңтар-желтоқсандағы қызмет көлемі 80,2 млрд теңгені құрады, бұл 2021 жылға (127,4 млрд теңге) қарағанда 37,1%-ға аз. Оның ішінде халық қаражаты есебінен 7,4 млрд теңгеге қызмет көрсетілді. Ауылдық жерлерде қызмет 4,9 млрд теңгеге көрсетілді.