Жыл басынан бері 46 адам туберкулез жұқтырған

Жыл басынан бері 46 адам туберкулез жұқтырған

Жыл басынан бері 46 адам туберкулез жұқтырған
ашық дереккөзі
Маңғыстау облысында 2023 жылы 46 адам туберкулез жұқтырған. Оның ішінде 17 жасқа дейінгі 4 бала бар. Ал 1 адам туберкулез дертінен көз жұмған деп хабарлады turkystan.kz. Өңірде туберкулезге шалдыққан науқастар өткен жылмен салыстырғанда 28,2 пайызға, ал, балалар арасында 58,1 пайызға азайған. Сондай- ақ, өлім көрсеткіші 75 пайызға төмендеген. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау олыстық фтизиопульмонология орталығының директоры Қуат Титанов хабарлады. «Біз жыл басынан бері белсенді туберкулезбен ауырған 84 адамға ем тағайындадық. Оның 52-сі тәулік бойы медициналық бақылауда болды. Соған байланысты облыстың барлық медициналық ұйымдарында туберкулезге қарсы препараттарды тарату пункттері ұйымдастырылды. Нәтижесінде екі айдың ішінде былтырдан бері ем алып жатқан 348 науқасқа қажетті медициналық көмек көрсетілді. Ал 153 азамат туберкулезге күдікті ретінде тексерілді, - деді Қуат Титанов.