Атырауда 35 мың бизнес нысанды қыз-келіншектер басқарып отыр
Атырау облысында 35 мың кәсіпкерлік нысанын қыз-келіншектер басқарады. Бұл - жалпы кәсіпкерлік субъектілерінің 25,2 пайызы деп хабарлады turkystan.kz.
Облыстық Кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшысының міндетін атқарушы Сәттіғұл Сабыровтың дерегіне сүйенсек, биылғы 1 ақпанда 70 717 кәсіпкерлік субъектісі тіркелген.
«Атырау облысында жыл сайын кәсіпкерлік субъектілерінің саны артып келеді. Былтыр шағын және орта бизнес иелері үлесі өңірдегі жалпы ішкі өнімнің 22,7%-ын құрады. Ал, биылғы 1 ақпанда кәсіпкерлікпен айналысушылардың қатары 70 717-ге жетіп отыр. Оның ішінде 35 мың нысанды қыз-келіншектер басқарады. Кәсіпкерлікке бет бұрған әйелдер тарапынан мемлекеттік бағдарламаларға қатысу бедсенділігі байқалып отыр», - деп хабарлады Сәттіғұл Сабыров.
Оның мәліметінше, былтыр 600 кәсіпкер әйелдің жобасы қаржыландырылған.
Сондай-ақ, өз кәсібін ашуға ниет білдірген 37 кәсіпкерге 106 млн теңгеге қайтарымсыз грант ұсынылған.
Оның 24-і – әйелдер. Олар жаңадан 30 жұмыс орнын ашқан.
«Әйелдер басқаратын кәсіпкерлік субъектілері негізінен білім беру, денсаулық сақтау, жеңіл өнеркәсіп салаларына бағытталған. Олар осы және басқа да салаларды дамыту үшін мемлекеттің тарапынан қолдау көріп отыр.