Түркияға барған қазақстандық құтқарушыларға сыйақы берілмейтін болды

Түркияға барған қазақстандық құтқарушыларға сыйақы берілмейтін болды

Түркияға барған қазақстандық құтқарушыларға сыйақы берілмейтін болды
ашық дереккөзі
Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Түркиядағы құтқару операциясына қатысқан құтқарушыларға ақшалай сыйақы беру бастамасына қатысты түсініктеме берді деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Құтқарушылар ақшалай сыйақы алмайды. Мен бұған дейін құтқарушылардың заңнамада белгіленген тәртіппен шетелдік іссапарлар аясында алатын қаражаты туралы айтқан болатынмын», – деп жауап берді Юрий Ильин БАҚ өкілдерінің сауалына орай.
Бұл ретте министр ведомство қызметкерлерінің жалақысы өсетінін атап өтті.
«Үкіметтің қаулысына сәйкес, қазір бізде жалақы өсіп жатыр. Басшылық құрамның еңбекақысы төменгі мөлшермен өсетін болса, жалпы құрам қызметкерлерінің жалақысы бірден 70%-ға дейін ұлғаяды. Қызметкер алғашқы кезеңде шамамен 110 мың теңге алады. Енді олар 179-180 мың теңге көлемінде алады деп үміттенеміз», – деді министр.
Еске салсақ, бұған дейін Төтенше жағдайлар вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев Түркияға барған құтқарушылардың бәріне министрлік бюджетінен ақшалай сыйақы төленетінін айтып еді.