Сайлауалды бағдарлама өзекті мәселелерді шешеді

Сайлауалды бағдарлама өзекті мәселелерді шешеді

Сайлауалды бағдарлама өзекті мәселелерді шешеді
ашық дереккөзі
Бүгін «AMANAT» партиясының Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы Нұрбек Қарасаев, облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер Дмитрий Донских, Раушан Аймурзаева, Иса Бимырза «Кеме жабдықтары және сервис» ЖШС мекемесіне барып, ұжыммен кездесті. Басқосуда кандидаттар жұмысшыларға партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп, алдағы сайлаудың маңызына тоқталды.
-Партияның сайлауалды бағдарламасы құндылықтарымызды, басымдықтарымыз бен принциптерімізді көрсетеді. «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы – әрбір тұрғынның әл-ауқатын арттыру бойынша нақты істер бағдарламасы! Сайлауалды уәделерді орындау нәтижесінде инженерлік-коммуникациялық, тұрғын үй және жол инфрақұрылымдарының өзекті мәселелері шешіледі, медициналық қызмет көрсету, білім беру және басқа да салалардың сапасы жақсарады. Біздің мақсатымыз – халықтың әл-ауқатын арттыру. Сайлауалды бағдарламаны іске асыру арқылы біз өңіріміздің дамуына және азаматтарымыздың өмір сүру сапасын жақсартуға қол жеткізетін боламыз. Бізге сайлаудың ашықтық, адал күрес және бәсекелестік жағдайында өтуі маңызды. Сондықтан алдағы сайлауда белсенді болуға шақырамын,-деді Нұрбек Қарасаев.
 width= Кездесуде жұмысшылар жалақы, тұрғын үй мәселесін көтерді.
-Біздің өңірде экономиканың баламалы секторларын, оның ішінде өңдеу өнеркәсібін, туризмді және көлікті дамыту облыс экономикасын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді. Сонған сәйкес партия азаматтардың да табысын арттыруға арналған бірнеше жобаларды жоспарға енгізді,-деді үміткер Раушан Аймурзаева.

Тапсырыс беруші: Н.Қарасаев.

Маңғыстау облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.