Білім саласын дамыту - аса маңызды міндет

6 наурыз, 2023 / Равиль Ашығали
ашық дереккөзі
Білім саласын дамыту - аса маңызды міндет Партияның міндеті - алдағы 5 жылда білім беру инфрақұрылымы мен мазмұнының проблемаларын шешу. Адамзаттың өмір сүру ортасын қалыптастырып, қуатты, әрі өзін-өзі қамтамасыз ететін экономика құру болып табылады. Бұл бағыттағы жұмыстар жыл сайын қарқынды түрде дами бермек. Бүгін «AMANAT» партиясынан облыстық және қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлер И.Әбдікәрімов атындағы жоғары аграрлық-технологиялық колледжінің ұжымымен кездесіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Кандидат Гүлшат Мұсаева білімді ұрпақ тәрбиелеуде жасалып жатқан жоспарлар жайында айтып, алдағы атқарылар шаралар жөнінде тоқталып өтті. «Партияның 2027 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасында білім мен медицина саласына басымдық берілген. Атап айтқанда, техникалық, шаруашылық мамандықтарды даярлай отыра, ел экономикасына өз септігін тигізетін азаматтарды маман ету басты мақсаттың бірі болуда. Қазіргі таңда колледжде қоғамда сұранысқа ие бірқатар мамандықтар оқытылуда. Бұл жұмыстардың алғы шарты», - деді үміткер. Жиында орталық ұжымы сайлауалды бағдарламаға қатысты пікірлерін білдірсе, үміткерлер алдағы сайлауда бірауыздан «AMANAT» партиясына дауыс беруге шақырды. – Сайлауалды бағдарламаның негізгі басым бағыты - халық табысын жақсарту, белсенді өмір сүру дағдысын қалыптастыру, тұрақты жұмыспен қамтылу, жұмыссыздықты жою секілді бағыттар бағдарламаға енгізіліп отыр. Әр азамат мемлекет қамқорлығын сезінуі қажет. Көпбалалы және толық емес отбасылар, мүгедектігі бар адамдар үшін мемлекеттік және партиялық қолдау шаралары кеңейтілетін болады. Білім және медицина салаларында да шешілмеген мәселелер бар. Үкімет кешенді жоспар әзірледі, соның іске асырылуына партия тұрғындарымен бірлесіп, қоғамдық бақылауды қамтамасыз етуі тиіс. Мұның барлығы іс жүзінде орындалады. Ендеше, осы мақсатты көздеген «AMANAT» партиясына дауыс беруге шақырамын, – деді облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Мақсұт Нәлібаев. Айта кетейік, «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы халықтың ұсыныс-пікірлері негізінде дайындалды. Онда коммуникация, білім беру және медицина мен мәдениет нысанын салу және қайта жаңғырту жоспарланған. Бұл кешенді жұмыстар төңірегінде үміткер Алмас Рахметов айтып берді. Оқытушылар өз кезегінде сайлауалды бағдарламаның өздеріне қатысты тұстарын пысықтап, өзекті ұсыныстары мен талап-тілектерін жеткізді. Қызылорда облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.