«Келесі қарсыласым сенсің»: Шавкат ендігі қарсыласының атын атады

«Келесі қарсыласым сенсің»: Шавкат ендігі қарсыласының атын атады

«Келесі қарсыласым сенсің»: Шавкат ендігі қарсыласының атын атады
ашық дереккөзі
Лас-Вегаста өткен UFC 285 турнирінде жауырыны жерге тимеген жерлесіміз Шавкат Рахмонов (17-0) америкалық Джефф Нилді (15-5) жеңгеннен кейін, өзінің келесі қарсыларсының атын атады деп хабарлады turkystan.kz. «Өз елімнің туын көтеріп, желбірете алғаныма қуаныштымын. Аллаға сан мың шүкірлер, қолымнан келді бұл. Джефф Нил мықты қарсылас, көптен бері жеңіліп көрмеген, оның үстіне менен әлдеқайда ауыр, бірақ соған қарамастан бұл жекпе-жектен бас тартқаным жоқ. Белбеуге таласу үшін әлі 1-2 жекпе-жек өткізуім керек деп айтқанмын алдында. Ал қазір оған дайынмын. Колби Ковингтон, дайындала бер, келесі қарсыласым сенсің!», деді Рахмонов. Сонымен қатар Рахмонов болашақта жартылай орта салмақтағы UFC титулын жеңіп алуға ниеті екенін ашып айтты.