Жаңалықтар

Қазақстандықтардың шашқа күтім жасауы да қымбатқа түседі

ашық дереккөзі

Қазақстандықтардың шашқа күтім жасауы да қымбатқа түседі

Бір жыл ішінде Қазақстандағы шашқа арналған сусабын бағасы 40 пайызға өскен деп хабарлады turkystan.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап. «Бір жыл ішінде шашқа арналған сусабын бағасы 41,7%-ға өсіп, осы салада өндірістің азайғаны байқалады. Шашқа арналған күтімдер: сусабын, шашқа арналған бояғыш заттардың және т.б өнімдердің өндірісі 10,3 %-ға азайып кеткен. 2022 жыл 12 ай ішінде 606 тонна өнім дайындалған», - делінген хабарламада. Импорт 18,1 пайызға қымбаттаған.