Татарстанның депутаттары конституциясынан «егемендік» сөзін алып тастады

Татарстанның депутаттары конституциясынан «егемендік» сөзін алып тастады

Татарстанның депутаттары конституциясынан «егемендік» сөзін алып тастады
ашық дереккөзі

Татарстанның мемлекеттік кеңес депутаттары елдің мемлекеттік рәміздері туралы заңға түзету енгізу жұмыстарын бастап кетті деп хабарлады turkystan.kz Коммерсантъ басылымына сілтеме жасап.

Мемлекеттік кеңестің депутаттары аймақтық конституцияға өзгеріс енгізе отырып, ондағы «егемендік» сөзін алып тастауды ұсынған. Мәселен, түзетулер Республиканың Мемлекеттік рәміздері туралы заңға енгізіледі. Қазір онда елтаңба, ту және әнұран «Татарстан Республикасының егемендігін, халықтың өзіндік ерекшелігі мен дәстүрін» білдіретіні айтылған. Түзету қабылдаған сәттен бастап елдің мемлекеттік рәміздері «Татарстан Республикасының мемлекеттігін, Татарстан халқының дәстүрі мен ерекшеліктерін» білдіретін деген нұсқаға ауысады. Айта кету керек, Татарстан конституциясының 1-бабынан республика егемендігі туралы ұғым алынып тасталған. Жаңа өзгеріс бойынша онда «Татарстан Республикасы – Ресей Федерациясының құрамындағы демократиялық құқықтық мемлекет» делілінген.