Жаңалықтар

«AMANAT»-тың сайлауалды штабы Жамбыл облысында сайлаушылармен жүздесті

ашық дереккөзі

«AMANAT»-тың сайлауалды штабы Жамбыл облысында сайлаушылармен жүздесті

«AMANAT» партиясының Республикалық сайлауалды штабы Жамбыл облысына келді. Штаб мүшелері көпбалалы аналармен, еңбек ұжымдарымен, шаруалармен және Қаратау қаласының тұрғындарымен кездесті. Таразда көпбалалы және ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған аналармен кездесу өтті. Осы күні «Қазфосфат» минералды тыңайтқыштар зауытының еңбек ұжымымен кездесу өтті. Партиялықтар еңбек адамын қолдауға және өндірістердегі қауіпсіздікті арттыруға бағытталған негізгі басымдықтар туралы айтты.