«AMANAT»: түркістандық дәрігерлерге сайлауалды бағдарлама таныстырылды

«AMANAT»: түркістандық дәрігерлерге сайлауалды бағдарлама таныстырылды

«AMANAT»: түркістандық дәрігерлерге сайлауалды бағдарлама таныстырылды
ашық дереккөзі
Бүгін «AMANAT»  партиясы Түркістан облыстық сайлауалды штабының мүшелері Түркістандағы қалалық емхана ұжымымен кездесті. Іс-шараға штаб мүшесі Жандос Әзімбай, облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар Инара Намазбаева, Сәуле Дәулеталина, Жанар Темірбекова және партияның қалалық филиалының төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев, Нұрсұлтан Жүсіпбаев қатысып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.  width=
- Біздің партияның мақсаты – халықтың өмір сүру сапасын арттыру. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін тұрғындардың ұсыныс-тілектері бойынша 10 негізгі бағыттан тұратын сайлауалды бағдарлама құрылған. Соның ішінде денсаулық сақтау саласын дамытып, медицина мамандарының мәртебесі мен табысын арттыру жоспары да бар, - деді кездесуде сөз алған Жанар Темірбекова.
Сондай-ақ, штаб мүшесі Жандос Әзімбай сайлаушыларға «Ауыл аманаты» жобасын түсіндіріп, жеңілдетілген несиенің кімдерге, қалай берілетінін атап өтті. Тиісінше, ұжым қызметкерлері тарабынан да сұрақтар қойылып, ұсыныс-пікірлер айтылды.  width= Кездесу соңында штаб мүшелері алдағы сайлаудың мән-маңызына тоқталды. Түркістан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.