Жаңалықтар

«AMANAT»: түркістандық дәрігерлерге сайлауалды бағдарлама таныстырылды

ашық дереккөзі

«AMANAT»: түркістандық дәрігерлерге сайлауалды бағдарлама таныстырылды

Бүгін «AMANAT»  партиясы Түркістан облыстық сайлауалды штабының мүшелері Түркістандағы қалалық емхана ұжымымен кездесті. Іс-шараға штаб мүшесі Жандос Әзімбай, облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар Инара Намазбаева, Сәуле Дәулеталина, Жанар Темірбекова және партияның қалалық филиалының төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев, Нұрсұлтан Жүсіпбаев қатысып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Кездесу соңында штаб мүшелері алдағы сайлаудың мән-маңызына тоқталды. Түркістан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.