Түркі елдерінің жазушылар одағы құрылды

Түркі елдерінің жазушылар одағы құрылды

Түркі елдерінің жазушылар одағы құрылды
ашық дереккөзі
ТҮРКСОЙ ұйымының бас хатшысы Султан Раевтың бастамасымен түркі әлемінің жазушылар одағы бірікті деп хабарлады turkystan.kz. Бұл туралы Түркі мемлекеттері ұйымының өкілі Бақытжан Омар Facebook парақшасында жазды.
«Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия және Түркменстанның жазушылар одағының басшылары одақ құру туралы келісімге қол қойды. Түркі әлемінде алғаш рет құрылып отырған одақтың төрағалығына Ұлықбек Оразбайұлының кандидатурасы ұсынылып, бірауыздан мақұлданды. Ағамыз бұл жұмысты қазіргі қызметімен қатар алып жүреді. Түркі дүниесінің жазушылары енді көптеген жобаларды бірге атқарады», - деп жазды Бақытжан Омар.