«AMANAT»: СҚО-да үміткерлер мұғалімдермен кездесті

«AMANAT»: СҚО-да үміткерлер мұғалімдермен кездесті

«AMANAT»: СҚО-да үміткерлер мұғалімдермен кездесті
ашық дереккөзі
«AMANAT» партиясынан Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаттығына кандидаттар Дина Әбілмәжінова, Руслан Есеналин және Гюлага Илдырымов Петропавлдағы «БЭСТ» гимназиясының ұжымымен кездесті. Білім беру саласының қызметкерлерімен ашық пікірталас барысында партия өкілдері Сайлауалды бағдарламаның басымдықтарын талқылады. Кездесуге қатысушыларды ең алдымен жалақыны көтеру мәселесі толғандырады екен.  width=
«AMANAT» партиясы әр педагогтың мүддесін қорғап, білім беру саласының басқа қызметкерлерінің табысын кезең-кезеңмен өсіруді қамтамасыз етеді. Біз балабақша педагогтары, білім беру ұйымдарының басшылары мен мектеп кітапханашылары үшін еңбекақы төлеудегі теңгерімсіздіктерді жоюға ниеттіміз», - деді Дина Әбілмәжінова.
Сондай-ақ кездесу барысында оқу орнының қызметкерлері қаланы абаттандыруға, жастарды жұмысқа орналастыруға және тұрғын үймен қамтамасыз етуге қатысты сұрақтар қойды.
«Алдағы бес жылда партия әлеуметтік тұрғын үй салу және инженерлік инфрақұрылымды дамыту үшін қаражат бөлуге жәрдемдесетін болады. Сондай-ақ салынып жатқан тұрғын үй санын ұлғайту, жеке меншік үйлер салу үшін жер телімдерін беру жұмысы біздің жоспарымызда бар. Бұдан басқа, партиялық бақылау бекеттерінің құрылыс жұмыстарының сапасына және кезектіліктің ашықтығына жұмысы күшейтілетін болады», - деп атап өтті Руслан Есеналин.
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізім ұсынған «AMANAT» партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді.